СҚО әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде жаңа басшы. Енді бұл қызметті Естай Рашқалиев атқарады. Оны ұжымға Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова таныстырды.
46 жастағы Естай Рашкалиев 2008 жылдан бастап әділет органдарында қызмет етіп келеді. Бұған дейін ол Батыс Қазақстан облысы әділет департаменті басшысының орынбасары болған. Сот және құқық қорғау жүйесінде мол тәжірибесі бар.
Жаңа басшыны ұжымға Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова таныстырып, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және атқарушылық өндіріс тиімділігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Бұған дейін облыстық әділет департаментін Айдос Тоғызбаев басқарған болатын. Ол бір ай бұрын басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен кетті.