СҚО-да «Мигрант-2025» жедел іс-шарасы өтуде
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгіннен бастап облыста «Мигрант-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Мақсат — Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау. Операцияға көші-қон қызметінің мамандарымен қатар облыстық полиция департаментінің жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары да жұмылдырылған.
Іс-шара аясында полиция базарлар мен құрылыс нысандарын, ауылшаруашылық кәсіпорындарын, жеке шаруашылықтарды, сондай-ақ шетелдіктер еңбек ететін және уақытша тұратын басқа да орындарды тексереді.
Екі айдың ішінде облыс полицейлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың 2 мыңнан астам дерегін анықтады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ең жиі кездесетін заң бұзушылықтардың бірі — ел аумағында болу мерзімін бұзу, бұл үшін 200-ге жуық шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар облыстың 77 тұрғыны шетелдік қонақтарды қабылдағаны туралы уақытылы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды. Ал бес жұмыс беруші шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін жауап берді.
Волейбол: «Қуаныш» қыздары «Тұранды» жеңді