СҚО спортшысы Ербол Хамитов «Хрусталь глобусты» жеңіп алды
Пара биатлоншы Ербол Хамитов 2024-2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Әлем кубогінің жалпы есебінде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық спортшы атанды.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бұл жетістік Қазақстан спортында 31 жылдан кейінгі тарихи жеңіс болып отыр. Себебі кейінгі рет «Хрусталь глобусты» елімізге 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов (1990/1991 және 1993/1994 жылғы маусым) әкелген еді.
11 наурыз күні Швецияның Торсби қаласында маусымның соңғы жарысы – спринт өтті. Ербол Хамитов бұл жарыста екінші орын иеленіп, маусым бойы жинаған ұпайларының арқасында «Хрусталь глобусқа» қол жеткізді. Бұл маусымда Ербол бірнеше маңызды жеңістерге қол жеткізіп, жалпы есепте 1005 ұпай жинады. Сонымен қатар, ол биатлоннан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.
Енді отандасымыз 2026 жылы Италияда өтетін Қысқы Паралимпиадада жеңіске жетуді жоспарлап отыр.
СҚО-да «Мигрант-2025» жедел іс-шарасы өтуде