Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+13°C
Пасмурно
Источник погодных данных: Ауа райы
18:08:13Четверг

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО тұрғындарынан қару тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысындағы аудандардың бірінде СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментімен бірлесіп мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде иір ұңғылы қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады.

Бұрын ұрлық, айдап әкету және қарақшылық үшін бірнеше рет сотталған 35 жастағы ауыл тұрғынынан тәртіп сақшылары ТТ тапаншасын және әртүрлі қару түрлеріне арналған 30-ға жуық оқ-дәрі тәркіледі.

Ер адамның айтуынша, ол қаруды тауып алып, өзіне қалдыруды жөн көрген. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды, тапанша сараптамаға жіберілді. Полицейлер қарудың қылмыстық мақсаттарға қатысы бар-жоғын анықтайды. Ал күдіктінің ауылдасы мен құрдасынан полицейлер ИЖ-18Е дара ұңғылы шолақ мылтығы пен оған арналған 8 патрон тапты. Шолақ мылтықты сақтағаны үшін де қылмыстық жауапкершілік көзделген. Күдіктілер ірі мөлшердегі айыппұл төлеуі немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полицейлер ескерткендей, қаруды ерікті түрде тапсыру ғана оны заңсыз сақтау үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады.

CLAAS зауытында студенттерге арналған оқу орталығы ашылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *