Волейбол: «Қуаныш» қыздары «Тұранды» жеңді
Қола жүлде үшін бәсекеде «Қуаныш» (СҚО) пен «Тұран» (Түркістан) командалары алаңға шықты.
Өткен жылы Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын түркістандықтар өз тарихында алғаш рет чемпион болған еді. Содан кейін команда құрамы біраз өзгеріске ұшырады. Ал, Азамат Есімовтің шәкірттері қола жүлдені қанағат тұтқан болатын.
Бұл жолы бірінші партияда солтүстікқазақстандықтар сәтті ойнады — 25:19. Екінші сетте тіпті айқын басымдылық көрсетті — 25:10. Үшіншісінде «Тұран» есе қайырды — 25:22. Бірақ «Қуаныш» матчты жеңіспен түйіндей алды — 25:22. Қорытынды есеп — 3:1.
Ертең қос клуб екінші кездесуін өткізеді. Онда «Қуаныш» жеңіске жетсе, қола жүлдегер атанады. «Тұран» қарымта қайтарса, қосымща үшінші матч ойналады.
— Біз жеңіс үшін алаңға шықтық. Ойымыздан шықпаған сәттер де болды. Мысалы, доп қабылдау кезінде кемшіліктерге жол берілді. Сол секілді жөнді шабуылдай алмаған Жанна Сыроешкинаны Маргарита Бельченкомен ауыстыруға тура келді. Жалпы, жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз, — деді «Қуаныштың» бас бапкері Азамат Есімов.
СҚО-да су тасқыны қауіпін бақылауға дрондар қолданылады