Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+12°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
00:46:25Пятница

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да азық-түлік бағасын көтерудің фактілері анықталды

СҚО экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9-бабына сәйкес шекті сауда үстемесінің мөлшері өндірушінің сату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15% аспауы керек. Алайда жекелеген жеткізушілер белгіленген нормаларды елемейді, мысалы, делдал 300 теңгеге күріш сатып алып, оны 450 теңгеге сатады. Сауда үстемесі 50% асқан, ал рұқсат етілгені — 15%. Салдарынан қарапайым сатып алушы зардап шегеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша 40-тан астам заң бұзушылық анықталды, нәтижесінде 1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл өндірілді. Ал биыл Сауда департаментіне шара қабылдау үшін 6 материал жіберілген. Бұдан басқа, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын негізсіз қымбаттатудың 8 дерегі анықталды. Делдалдық схемаларды алып тастаудың арқасында жеке өнімнің құнын 40% дейін төмендетуге мүмкіндік туды.

— Азаматтардың құқықтарын қорғау, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәсіпкерліктің адал субъектілерін қолдау, таза бәсекелестік үшін қолайлы жағдайлар жасау экономикалық тергеп-тексеру қызметінің негізгі міндеттері. Ал негізгі бағыттар – бюджет қаражатын ұрлаудың, алаяқтықтың алдын алу, салық төлеуден жалтару, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру, қаржы пирамидаларын ұйымдастыру және заңсыз ойын бизнесі. Өткенжылы «Кибернадзор» жүйесінде құмар ойындар бойынша 796 жарияланым, 753 онлайн-казино жарнамасы, 43 онлайн-казино және қаржы пирамидасының белгілері бар 112 сайт сілтемесі бұғатталды. Әлеуметтік желіде қаржы пирамидалары мен құмар ойындарының белгілері бар 7 аккаунт анықталды, — дейді Диас Қабеш.

СҚО әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *