Жарияланған күні: 13.03.2025
Жерлесіміз Тимофей Скатов Грекиядағы жарыста ширек финалға шықты
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші Тимофей Скатов екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 406-орында тұрған ұлыбританиялық Райан Пенистонның мысын басты.
Екі сет те 6:4 есебімен аяқталды.
Екі сағатқа созылған тартысты бәсеке барысында Скатов 2 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді. Пенистон 3 брейктен (9 брейк-пойнт) аса алмады.
Тимофей Скатов жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 376-сатыдағы болгариялық Димитар Кузмановпен таласады.