Петропавлда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Сенбі күні Петропавлдағы Мағжан Жұмабаев көшесінде қатар тізілген киіз үйлерде сауда-саттық өтті. Қалалықтар аудандардан жеткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға асықты. Осы жолғы жәрмеңкеге 550 тоннадан астам ауылдық өнім жеткізілді.
Жәрмеңкеге қойылған тауарлардың бағасы дүкендегіден 15-20 пайызға арзанға саудаланды. Қалалықтардың бірі жұмыртқа сатып алуға асықса, енді басқалары ет өнімдеріне сұраныс танытты.
— Бүгінгі жәрмеңкеге аудандар жақсы дайындықпен келген. Өнім түрлері көп. Ет, сүт, ұн өнімдерінің түр-түрі бар. Бал,балық, көкөністер де әкелген. Барлығы 553 тоннадан астам тауар жеткізілді. Барлығы арнайы тексерістен өткен,таза табиғи өнімдер, — деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дәурен Тоқкожин.
Наурыз мейрамының қарсаңында барлық аудандардың қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге бүкіл облыстан 100 шақты агрокәсіпорын ет, сүт, балық және көкөніс өнімдерін әкелді. Сондай-ақ келушілер макарон және кондитерлік өнімдерді, жұмыртқа, бал сатып алды.
Петропавлда ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті