Петропавлда жедел штабтар құрылды
Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, оның бірі Жұмысшы кентінде орналасқан. Красин көшесі, 64 мекенжайда орналасқан штабқа тұрғындар тәулік бойы жүгіне алады. Екіншісі былтыр су тасқынынан кейін пайда болған жаңа шағын аудан — «Бірлікте» орналасқан. Үйлеріне су кірген жағдайда тұрғындар «Апельсин» дүкенінің ғимаратында орналасқан жедел штабқа хабарласқаны жөн.
«Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы 17 наурызға ескерту жариялады. Қар қарқынды ериді, күндіз жауын жаумақ. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі. Бірқатар ауданда күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің күшін 23-28 м\с дейін жетпек.
Сондай-ақ, синоптиктер бүгіннен бастап гидрологиялық бекеттерді күнделікті бақылауға алды. Әзірге судың тәулік ішіндегі өзгеруі орташа 1-2 см шамасында ғана. Тек Северное ауылының маңында Шағалалы өзенінің деңгейі 7 см көтерілген.
СҚО-да түйе мен бұқа құтқарылды