Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+22°C
Небольшие дожди
Источник погодных данных: Ауа райы
11:31:39Суббота

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда «Miras» республикалық кеңестің көшпелі отырысы өтті

СҚО-да «AMANAT» партиясы жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Miras» республикалық кеңесінің төрағасы Аманжол Әлтаев, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов, аймақтық «Miras» кеңесінің мүшелері, сондай-ақ мәдениет қызметкерлері қатысты.
Отырыста алғашқы сөзді Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов алды. Ол облыстың тарихи-мәдени мұрасы жайында баяндап, «Miras» кеңесінің осы саладағы рөлін ерекше атап өтті.«СҚО-ның тарихи мұрасы өте бай. Біз үшін өз өңірімізде сіздерді қабылдау үлкен құрмет. Біздің өңір аумағында Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия тарихының ажырамас бөлігі саналатын көптеген ескерткіштер мен мәдени нысандар бар. Оларды сақтау және дәріптеу – ортақ міндетіміз», – деді Жүсіп Жұмағұлов.
Келесі болып аймақтық «Miras» кеңесінің төрағасы Ербақыт Амантайұлы сөз алды. Ол соңғы екі жылда атқарылған жұмыстарға тоқталып, кеңестің өңірдегі мәдениет пен тіл саясатын дамытудағы үлесін атап өтті.
— «Аймақтық «Miras» кеңесінің жұмысы тек жиналыстар өткізумен шектелмейді. Біз мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мектептерде қазақ сыныптарын ашу, тарихи атауларды қайтару және мәдени мұраны сақтау бағытында нақты істер атқардық. Сондай-ақ, Шоқан Уәлиханов ескерткішін қалпына келтіру, Мағжан Жұмабаев көшесіндегі архитектуралық мүсінді жөндеу сияқты қоғамдық шаралар өткіздік, – деді Ербақыт Амантайұлы.
Жиында сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Досбол Әбдірисов баяндама жасады. Ол «AMANAT» партиясының Жол картасы аясында өңірдегі мәдени нысандардың салынуы мен жөндеу жұмыстары туралы мәліметтерді ұсынды. Оның айтуынша, 2023-2024 жылдары өңірде 46 мәдени нысан жөндеуден өтіп, 200 мыңнан астам тұрғынды мәдени қызметтермен қамтуға мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ, Петропавл қаласында «Мағжан орталығы» ашу жоспарланған.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар назарға алынып, алдағы жұмыс бағыты белгіленді. Кездесу соңында Аманжол Әлтаев өз атынан облыстық «Miras» кеңесінің мүшелеріне белсенді жұмыс үшін алғыс хаттар табыстады.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *