Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+22°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
13:05:15Суббота

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 16 мас жүргізуші жауапқа тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында үш күн ішінде 16 жүргізуші әкімшілік қамауға алынып, 7 жылдан 9 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Заңды бұзғандар алкогольдік масаң күйде көлік басқарып, өздеріне де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндірген. Бұл фактілер облыстық «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.

Іс-шара аясында патрульдік полиция жасақтары күшейтіліп, түнгі уақытта көңіл көтеру орындарына жақындатылды. Үш күн ішінде полицейлер 950 түрлі жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін анықтады. Ең көп таралған құқық бұзушылықтар – қауіпсіздік белдігін тақпау (96 жағдай) және көлік жүргізу кезінде телефон қолдану (141 жағдай). Сонымен қатар 36 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген.

Полицейлер көлік құралдарының жоғары қауіптілік көзі екенін еске салады. Оны масаң күйде басқаруға қатаң тыйым салынады. Жыл басынан бері облыста 170-ке жуық мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

СҚО әкімдігінде жаңа тағайындау

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *