Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+25°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
12:59:57Среда

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда су тасқынына қарсы шаралар жүргізілуде

Өңірде су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін облыс елді-мекендерінен 1,3 миллион текше метр қар шығарылды, оның ішінде 900 мыңы Петропавлға тиесілі. Қазір қалалық қызметтер суды сору жұмыстарына басымдық беруде, әсіресе Береке, Жұмысшы және Бірлік ықшам аудандарында.

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Бірлік» ықшам ауданындағы жағдайды тексеріп, жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады және тұрғындармен әңгімелесті. Бұл ықшам ауданда су айдау үшін 20 мотопомпа және 10 ассенизаторлық машина жұмыс істеуде, сондай-ақ өртке қарсы қызметтің арнайы техникасы да тартылған. Су ағызу үшін арықтар қазылған, биыл нөсерлік кәріз жүйесі салынбақ.

 

«Бірлік» ықшам ауданынан өтінімдер қабылдау үшін «Апельсин» дүкені маңында жедел штаб жұмыс істейді. Өтініштер бойынша бригадалар жедел түрде мекенжай бойынша шығып, су сору жүргізеді.

— Тасқын бойынша жағдайды бақылап, жедел әрекет ету үшін үнемі тексеруге шығып, елді-мекендерге барып тұрамын, — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Жалпы қала бойынша су тасқынымен күресу үшін 40 мотопомпа және 30 ассенизаторлық машина тартылған.  Қажет болған жағдайда резервте мотопомпалар бар, биыл  қосымша 50 жаңа мотопомпа сатып алынды.

Шетелдік азамат елден шығарылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *