Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
>
Mons
13 Juin
28°C
14 Juin
27°C
15 Juin
20°C
16 Juin
21°C
17 Juin
22°C
18 Juin
24°C
19 Juin
20°C
>
Mons
13 Juin
28°C
14 Juin
27°C
15 Juin
20°C
16 Juin
21°C
17 Juin
22°C
18 Juin
24°C
19 Juin
20°C
16:43:38Суббота

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да ардагер жасөспірімдерге полиция қызметінің психологиялық қырлары туралы айтты

Наурызнаманың алтыншы күні – Жаңару күні қарсаңында Петропавлдағы IT-мектеп-лицейінің “Жас сақшы” сыныбында Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибелі полиция ардагері қонақ болды.

Полиция полковнигі, зейнеткер Кәпез Даулетбаев — кадр қызметінің майталманы. Ол бұл салада 20 жылдан астам еңбек етті. Кадр бөлімінің міндеті – қызметке қабылдаудан бөлек, жас мамандарды бейімдеу, патриоттық тәрбие беру, кәсіби дамуға қолдау көрсету.

“Жас сақшы” сыныбының оқушылары болашақта құқық қорғау органдарында қызмет етуді жоспарлап отыр. Кәпез Даулетбаев олармен алғашқы жұмыс айларының қиындықтары туралы бөлісті. Тәулік бойы кезекшілік атқару, патрульге шығу, адамдардың тағдыры үшін үлкен жауапкершілікті сезіну – мұның бәріне үйрену оңай емес. Сондықтан жас қызметкерлерге тәлімгерлер көмектеседі. Бұл – тәжірибелі офицерлер, олар әрдайым қолдау көрсетіп, кеңес беріп, уақытты тиімді басқаруды үйретеді.

Айта кетейік, Кәпез Даулетбаев қазір облыстық полиция департаменті жанындағы Тәлімгерлер кеңесі төрағасының орынбасары. Зейнетке шыққаннан кейін де жас мамандарды тәрбиелеуге өз үлесін қосып келеді. Кездесу барысында ол оқушыларға Жаңару күні – жаңа бастамалардың, кешірім мен жаңарудың символы екенін еске салды. Бұл күні өткеннің өкпе-ренішін қалдырып, алға таза жүрекпен ұмтылу маңызды. Оның пікірінше, заң мен тәртіпті қорғау жолында жүрген әр адам осы көзқарасты ұстануы керек.

СҚО әкімі Тимирязев ауданының тұрғындарымен кездесті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *