Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+21°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
04:29:03Суббота

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Мерекеде ел үмітін ақтаған спортшылар марапатталды

Еліміздің Көк туын көкке желбіретіп, әнұранды шырқатқан спортшылардың еңбектері ақталып, облыс әкімі олардың жеңісті жолдарымен құттықтады. Жерлестерімізге бағалы сыйлықтар да табысталды.

Осы жолы Қазақстан намысын қорғаған спортшылар марапатталды. Мерекеге орай салтанатты шара Петропавлдың орталық алаңында өтті. Сахна төрінде облыс әкімі әрқайсысын ұлықтап, бағалы сыйлықтарды табыстады.

Облыс әкімі алдымен ел тарихында тұңғыш рет «Хрусталь глобусты» жеңіп алған пара спортшы Ербол Хамитовке құрмет көрсетіп, автокөліктің кілтін табыс етті. Жерлесіміз 2026 жылы Италияда өтетін Паралимпиадада өнер көрсетуден дәмелі.

Кейін облыс әкімі Үндістанда өткен қазақ күресінен әлем чемпионы атанған Мейіржан Берекетовке екібөлмелі пәтердің кілтін тарту етті.

Ал ақпан айында Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасында өткен әлем чемпионатында 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтыннан алқа тағынған балуанымыз Мейіржан Берекетовке екі бөлмелі пәтер бұйырды.

— Алда талай жарыстар бар. Онда да алтыннан алқа тағынуға тырысамын. Облыс басшылығына алғысым шексіз, — деді Мейіржан Берекетов.

Мерекеде әлем кубогында қола тағынған Александр Герлиц, Азия ойындарында қола медаль олжалаған  конькиші Надежда Морозова мен әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында үшінші тұғырға көтерілген Наталья Богданова да құр алақан қайтпады. Спортшыларға өңір басшысы 1 млн. теңгенің секртификатын табыстады.

Петропавлда Наурыз мейрамы кең көлемде тойлануда

 

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *