Петропавлда Наурыз мейрамы кең көлемде тойлануда
Жыл сайынғы дәстүрге сәйкес, Петропавлда Ұлыстың ұлы күні сән-салтанатымен аталып өтілуде. Облыс орталығының басты және орталық алаңдарында киіз үйлер бой көтеріп, халық көптеп ағылып жатыр. Жерлестерімізді бірінші болып, өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады.
Биыл жергілікті билік өкілдері қаланың безендіруге ерекше көңіл бөлді. Орталық алаңда түрлі композициялар орын теуіп, сахна төрінде ән мен күйден шашу шашылды. Ал басты алаңда облыстың өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, қалалықтар түрлі жануарлармен естелік суретке түсуге мүмкіндік алды.
Сахна төріне шыққан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов солтүстікқазақстандықтарды Әз-Наурызбен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
— Наурыз көктемнің жайма-шуақ мерекесі. Бұл мейрамды біз асыға күтеміз. Биыл Наурызнама аясында мейрам кең көлемде аталып өтілді. Бүгін де игі дәстүрді жалғастырып отырмыз. Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын. Әр отбасыға бақ-береке тілеймін, — деді СҚО әкімі.
Қазақстан Конституциясы көшесі бойында қатар тұрған саусағынан бал тамған шеберлер өз зергерлік бұйымдарын көрсетті. Бір ұлттық киімнің сән үлгілерін халық назарына ұсынды.
Сахна төрінде жергілікті өнерпаздармен қатар, Қазақстан эстрада жұлдызы Мирас Жүгінісов те өз өнерін көрсетіп, көптің көңілінен шыққан хит әндерді орындады.
СҚО ПД басшысы Петропавлда полиция қызметкерлерінің мерекеге дайындығын тексерді