Жарияланған күні: 25.03.2025
ТЖМ басшысы СҚО-дағы тасқынға қарсы шараларды тексерді
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі су тасқынына қарсы шараларды тексерді.
Аралау барысында министр Ушев көшесіндегі бөгетті бетондау жұмыстарының барысын қадағалап, Бескөл ауылындағы бөгетті нығайту жұмыстарымен танысты.
Сондай-ақ, Қарағанды және Алматы облыстарынан келген ТЖМ-нің 28 237 және 52 859 әскери бөлімдерінің жеке құрамымен кездесті. Қызылжар ауданында әскерилер полипропилен жабындарын төсеу, қаптарды дайындау және төсеу жұмыстарын жүргізуде.