Петропавлдағы Евней Бөкетов бюстіне гүл шоқтары қойылды
Биыл жерлесіміз, академик Евней Бөкетовтің туғанына 100 жыл толып отыр. Айтулы датаға орай, жазушы әрі ғалымның ескерткішіне зиялы қауым өкілдері гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Академик Евней Бөкетов Шал ақын ауданындағы Бағанаты ауылында дүниеге келген. Жастайынын білімге құмар жерлесіміз, қажырлы еңбегінің, ізденімпаздығының арқасында металлургия және химия саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ол — көрнекті, академик, техника ғылымының докторы. Түсті және сирек металдардың химиялық технологиясы бойынша бірқатар жаңалықтар ашып, Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға үлес қосты. Сонымен қатар, Евней Бөкетов әдебиет саласында да сүбелі еңбегін қосқан.
1983 жылы дүниеден өткен Евней Бөкетовтің есімі қазақ ғылымы мен мәдениетінің тарихында алтын әріптермен жазылған. Бүгінде Қарағанды университеті оның атымен аталады. Петропавл көшелерінің біріне жерлесіміздің есімі беріліп, бюсті орнатылған. Бүгін бюстке облыс әкімінің атынан гүл шоғы қойылып, жиналғандар академиктің рухынатағзым етті.