Жарияланған күні: 30.03.2025
Нұрқожа Қайпанов — Азияның үш дүркін чемпионы
Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті.
Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақта Қырғызстан спортшысы Орозбек Токтомамбетовпен кездесті. Нәтижесінде Нұрқожа Қайпанов 2:1 есебімен басым түсті.
— Нұрқожа 74 кг дейінгі олимпиадалық салмаққа ауысып, өзін жақсы қырынан көрсетуде. Алдағы уақытта жоспарлары орындалып, олимпиада ойындарына қатысып, еліміздің намысын қорғауға жазсын. Нұрқожа мен бапкерлерін, спорт сүйер қауымды алтын жүлдемен құттықтаймын. Жеңісті күндер алда болсын! — деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.
Қызылтулық Ризабек Айтмұқан Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді