Петропавлдағы көпірдің жағдайы мүшкіл
Петропавлдағы Жұмысшы кентіне апарар көпір тағы да жөндеуді талап етеді. Көлік жүргізушілері бұл жағдайға алаңдаулы.
Өткен жылы ғана жөнделген көпірдің асфальт жамылғысы опырылып барады. Салдарынан шұңқыр-тесіктер тиісті жылдамдықпен осы жерден өтуге қиындық туғызуда. Айта кеткен жөн, жыл сайын жергілікті билік өкілдері жолды жөндейді. Алайда бұл жұмыстар нәтиже бермей отыр.
Өңір тұрғыны Виталий Оганджанян қауіпті учаскі арқылы өтпей, айналма жолды пайдаланған жөн дейді.
— Көпірді жауап, толыққанды жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет деп есептеймін. Қауіпті аумақты айналып өтуге мәжбүрмін. Осы жолы уақытым тығыз болған соң осы көпірмен өттім. Бұл жол қанша рет жөнделгенмен, нәтиже шықпай отыр, — дейді Виталий Оганджанян.
Көпір күрделі жөндеуден 10 жыл бұрын өтті. Бұл мақсатқа 500 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалды. Алайда уақыт өте келе көпір қайта өз бұрынғы қалпына келді. Әзірге оны жөндеу көзделмеген екен.
— Қазір көпірді жөндеуге жабатын болсақ, Жұмысшы кентіне апарар жол болмайды. Мұндағы жұмыстар басталса, ол бірнеше айға созылуы мүмкін. Бәріңізге мәлім, бүгіндері Универсальный көшесі бойында жол салынып жатыр. Биыл ондағы жұмыстар аяқталады. Содан соң ғана мұндағы көпірді жауып, жөндеуге кірісуге болады, — деп түсіндірді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.
Күрделі жөндеу жоспарда жоқ екенін атап өткен жөн. Көпірдің асфальт жамылғысы ғана қалыпқа келтірілуі мүмкін.
Петропавлдық теннисші Бухарестте сәтті өнер көрсетуде