Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдық теннисші Бухарестте сәтті өнер көрсетуде

Қазақстандық теннисші, әлемнің 174-ракеткасы Тимофей Скатов Бухарест (Румыния) ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті қорытындылады.

 

Қазақстандық спортшы іріктеу сайысының финалында дүниежүзілік рейтингіде 223-орында тұрған молдовалық Раду Алботпен ойнады.

Қос теннисші бір апта бұрын Жирона (Испания) челленджер турнирінде кездесіп, онда Т.Скатов тартысты матчта 6:4, 3:6, 7:6 (7:3) есебімен жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партияда Скатов бет қаратпады – 6:1.

Екінші сетте молдовалық теннисші 5:2 есебімен алға кеткенімен, сол басымдылықты ұстап тұра алмады. Тай-брейкте Тимофей табандылық танытты – 7:6 (7:3).

Бір сағат 43 минутқа созылған бәсекеде Скатов 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Албот 1 эйс, 2 брейктен (8 брейк-пойнт) аса алмады.

Осылайша, Т.Скатов негізгі жарысқа жолдама алды.

Петропавл арқылы өтетін Есіл өзені жотасынан асып төгілуде

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *