Петропавлда Жеңіс күніне арналған іс-шаралар тізімі бекітілді
Биыл Петропавлда Жеңіс күніне арналған іс-шаралар белгілі болды. Оның бірі — «Мәңгілік полк». Осы жылы бұл акция онлайн форматта өтеді деп жоспарланып отыр.
«Мәңгілік полк» акциясы биыл «Ер есімі — ел есінде» деген атаумен ұйымдастырылып, шараға қатысушылар онлайн форматта өз батыр ата-әжелерінің суреттерін көрсетпек. Қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, бүгіндері 1 мыңнан астам соғыс майдангерінің суреті жиналды.
Биыл ел көлемінде Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтіледі. Астанада әскери құрылымдардың, техниканың шеруі ұйымдастырылады. Петропавлда мерекеге орай отшашу болмақ. Сонымен қатар, 9 мамырда орталық алаң мен Жеңіс саябағында мерекелік концерттер өткізіледі. Ал сол күні кешкісін ретро-би кеші ұйымдастырылып, мерекелік отшашу болады.