Қозыбаев университетінің студенттері оңтүстік өңірлерге аттанды
Өткен жылы «Серпін» бағдарламасына мемлекеттен 4 мыңға жуық грант бөлінсе, соңғы он жылда облыста аталмыш жоба арқасында 1,4 мыңға жуық жас азамат жоғары білімге қол жеткізді. Түлектердің тең жартысы теріскейде тұрақтап қалған. Тың бағдарламаны жалғастыру мақсатында петропавлдық студенттер оңтүстік аймақтарға арнайы автобуспен жолға шықты. «Serpin Way» брендтік автобусы Шымкент қаласына және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарын араламақ.
Бұл сапар барысында жас студенттер 4 қалаға, 17 аудан мен 30 ауылға барып, ҰБТ тапсырып жатқан түлектерге «Серпін» бағдарламасы жайында әңгімелек.
Биыл Петропавлдағы жергілікті университетке «Серпін» бағдарламасы аясында 200-ге жуық квота қарастырылған.
— Бұл бағдарлама бойынша оқуға түскен жастарға жатақхана беріледі, 2-3 курстан бастап жұмысқа орналасуға мүмкіндік береміз. Жаңа ортаға тезірек қалыптасуы үшін психологиялық көмек береміз, — дейді университет проректоры Әділхан Төлепберген.
Қазіргі уақытта СҚО-да «Серпін» бағдарламасымен 167 жас жоғары білім алып жатыр. Олардың 65-і биыл диплом алып, мамандық иесі атанбақ.
Петропавл халықаралық әуежайының жаңа кестесі жарияланды