Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
0°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
23:29:17Среда

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО прокурорлары бизнес өкілдерімен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары А.А. Саттардың төрағалығымен бизнесті қорғау бойынша кезекті кеңес өтті. Кездесуде прокуратура жанындағы мобильді топтарға келіп түскен сигналдарды, бизнес құқықтарын қорғау бойынша жүргізілген жұмыстарға назар аударылды.
Жыл басынан бері прокуратура 300-ден астам кәсіпкердің құқығын қалпына келтірді, 28 қадағалау актісі енгізілді, 19 тұлға жауапкершілікке тартылды және 23 шектеу шараларын келісуден бас тартылды, 1 млн теңгеден астам сомаға бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды.
Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу шеңберінде биыл сомасы 110 млрд теңгеге инвестициялық салымдар салуды жоспарлап отырған инвесторлардың 7 проблемалық кейсі оң шешілді.
Отырыста «ТЕХУСПЕХ» ЖШС, «КАМЕТЕХ» ЖШС, «Айтбаев» ЖК, «Тилимесов» ЖК және Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы филиалының проблемалық мәселелері талқыланды.
Кәсіпкерлердің барлық проблемалық мәселелері бақылауға алынды, оларды шешу үшін мұқият талдау қажет.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *