Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
35°C
10:10:03Четверг

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Ауыл тұрғынынан қару тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл ауданының 44 жастағы тұрғыны үйінде бірнеше мылтық, түрлі калибрлі 700 патронды сақтап келген. 

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның қару-жарақты сақтауға рұқсат қағазы болмаған. Тексеру барысында полицейлер үйден «СКС» иір ұңғылы карабинді, тіркелмеген «ИЖ-К» тегіс ұңғылы мылтықты және аңшылық патронмен атуға болатын қолдан жасалған қаруды тапты. Сондай-ақ ер адамда ұсақ калибрлі винтовканың ұңғысы мен бекітпесі, тегіс ұңғылы мылтықтың ұңғысы мен түрлі калибрлі 700 патрон болған.

Барлық қару-жарақ тәркіленіп алынды, олар бойынша сараптама тағайындалады. Иір ұңғылы қаруды сақтау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Ер адамның бұл қауіпті жиынтықты қайдан алғанын тергеу анықтайды.

Күдіктіге 5 мың АЕК дейінгі мөлшерде ірі айыппұл салынуы мүмкін немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір СҚО-да «Мал ұрысы» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шаралары өтіп жатыр.

Петропавлда Жеңіс күніне арналған іс-шаралар тізімі бекітілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *