Жарияланған күні: 02.04.2025
Петропавлда жас жігіттің мәйіті табылды
Петропавлдағы Солчненый кентінде 21 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
СҚО жедел жәрдем орталығының ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға сәуірдің 2-сі түнгі уақытта тіркелген. Жас жігіттің денесін полицейлер тауып алған. Олар жедел жәрдем шақыртып, ер азаматты аман алып қалуға тырысқан. Алайда 21 жастағы қала тұрғынының өмірін сақтай алмады. Жас жігітті аман алып қалуға реанимациялық шаралар қолданылды.
— Жігіттің денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық жағдайлары мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, — делінген СҚО полиция департаментінің мәліметінде.