Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+18°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
14:37:55Среда

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Қызылжар ауданында мектеп уақытша жабылды

Қызылжар ауданының Белое ауылындағы орта мектептің төбесі майысып, құлауға жақын тұр. Салдарынан білім басқармасының ұсынысымен оқу ордасын уақытша жабуға туралы шешім қабылданды. 

Тарих пәні кабинетінің төбесі майысып, оқушыларға білім алуға кедергі келтіріп отыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасының мамандары хабарлап отыр.

Белое ауылындағы орта мектептің қабырғасы өткен ғасырдың 1964 жылы қаланды. Бір қабаттан тұратын білім ордасында 116 оқушы оқиды. Айта кеткен жөн, мектептің шатыры өткен жылы ғана жөндеуден өткен болатын.

— Мектеп тұрғызылғалы бері күрделі жөндеуден өткен жоқ. Тек ағымдағы жөндеуден жыл сайын өтетін. Биыл наурыздың 23-і бір кабинеттің төбесі иіліп тұрғаны көрінді. Біз шұғыл шешім қабылдадық. Оқу үрдісін өзге жерде өткізу туралы шешім қабылдадық. Қазіргі уақытта «Стадия» ЖШС-мен келісімге отырып, сараптама жасап жатырмыз. Кейін мектептің жағдайы белгілі болмақ. Бүгіндері оқу үрдісі штаттық режимде өтіп жатыр. Бұл мектептің балалары Пеньково елді мекеніндегі орта білім ордасында жалғастырып келеді, — дейді СҚО білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова.

Белое мектебінің оқушылары Пеньково ауылына арнайы автобус және ГАЗель көліктерімен жеткізіліп жүргенін атап өткен жөн.

Петропавлда полицейлерге погон табысталды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *