Петропавлда қаз өсіру шаруашылығы мамандарының қатысуымен фестиваль өтеді
Петропавлда тұңғыш рет«Auyl fest. Қаз өсіру шаруашылығы» атты халықаралық фестиваль өтеді. Н.Погодин театры алаңында жоспарланған шара сәуірдің 5-сі ұйымдастырылмақ. Бұл күні Мажарстан, Татарстан, Башқұртстан және басқа да елдерден келген және қазақстандық жетекші қаз өсірушілер және сарапшылар форумға қатысып, тәжірибелерімен бөліседі. Кейін Н.Погодин атындағы облыстық драма театры алаңында асыл тұқымды қаздардың көрмесі өтеді.
Сондай-ақ жергілікті және шетелдік аспаздар қаз етінен дәмді тағам әзірлеп жарысады. Ал қаздардың жарысы фестивальдің көрігін қыздыра түспек.
— Халықаралық этномәдени фестивальді ұйымдастырудағы мақсат — халықтың назарын қаз шаруашылығына аударту. Солтүстік Қазақстан облысында құстың бұл түрін өсіруге жағдай қолайлы. Көлдерге бай, шөбі шүйгін. Қазір ресми емес мәлімет бойынша, өңір жылына небары 1,2 млн ғана осындай құс өсіреді. Бұл аз. Арнайы фермалар жоқ, — дейді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі Әл Фараби Мыңбай.
Бұл күні қаз балапаны да 1,5 мың теңгеден сатылмақ.
— Балапан жарты жылда жетіледі. 1,5 мың теңгеге алып, бір данасын 15 мың теңгеге сатуға болады. Мысалы биыл қыста көтерме бағамен алушылар оның келісін 2,8 мың теңгеден алды. Базарда 3,5 мың теңгеден тұрды. Желтоқсан айында құс етіне сұраныс күрт артады. Етінен ғана емес, мамығынан да пайда көруге болады. Петропавлдағы фирма оның келісін 10 мың теңгеден алады, ал ресейліктер келіп 12 мың теңгеден әкетеді екен, — дейді Әл Фараби Мыңбай.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қаздар жарысы алғаш рет өткізілетін болғандықтан, оны қалжың деп қабылдап, сенімсіздік танытып жатқандар көп екен. Әзірге 16 қаз иесінен ғана өтініш түскен.
Петропавл әкімдігі кәсіпкерге 29 млн. теңге қарыз