Жарияланған күні: 07.04.2025
Петропавлда құрғақ шөптің жану фактісі анықталды
Петропавлдағы шеткер аудандардың бірінде құрғақ шөп жанды. Оқиға орнынан келген өртсөндірушілер қызыл жалынды уақтылы ауыздықтады.
СҚО ТЖД ақпараты бойынша мамандар жедел әрекет етіп, оттың үйлер мен ғимараттарға таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.
Мұндай фактілер аудандарда да тіркелуде. Тайынша ауданында құрғақ шөп жанып, өрт 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Ал Айыртау ауданы орталығы Саумалкөлде де шөп тұтанып, қызыл жалын 0,5 гектарды және жақын маңда орама шөпті орады. Мамандардың жедел әрекеті арқасында от уақтылы ауыздықталды.