Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+17°C
Облачно
Источник погодных данных: Ауа райы
18:38:07Понедельник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Қарақшылық шабуыл жасаған азамат іздестірілуде

Тайынша ауданының жедел уәкілдері қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Моңғолия азаматы Самат Бекишті іздестіріп жатыр.

Қылмыс 2024 жылдың тамыз айында жасалған. Белгісіз адамдар Тайынша ауданы тұрғынының үйіне баса-көктеп кіріп, үй иесін және оның 12 жастағы немересін скотчпен байлап, шамамен 640 мың теңге көлеміндегі ақша мен бағалы заттарды алып кеткен. Шабуылдаушылар кеткен соң бала өздігінен босанып шығып, жақын маңда орналасқан учаскелік полицейдің үйіне жүгіріп барып, көмек сұраған. Қылмысқа қатысы бар үш күдікті қысқа уақыт ішінде ұсталып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Іздестіріліп жатқан Самат Бекиш қазіргі уақытта өз елінде жасырынып жүруі мүмкін. Егер СҚО тұрғындары оның қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсе, Тайынша аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 8 (7153) 62-12-40, 8 (7153) 62-28-75 телефондары арқылы немесе «102» нөміріне хабарласуға болады.

Есірткі таратқан шетелдік азамат ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *