СҚО-да 11 адамды кене шақты
Өткен жылы облыста адамды кене шағудың 653 фактісі тіркелсе, биыл сәуір айы басталғалы 11 дерек анықталды.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, кене энцефалитінің профилактикасы мақсатында жәндіктер шағып алған жағдайда кене иммуноглобулині қолданылады. Препаратты дәрігер медициналық ұйымға жүгінген кезде тексеруден кейін ғана тағайындайды.
— Кене шағып алған жағдайда ең дұрысы дереу дәрігерге медициналық көмекке жүгіну керек. Біріншіден, кенені толығымен өз бетінше алу мүмкін емес. Кененің басы жұлынып, жараның ішінде қалуы мүмкін. Екіншіден, жәндіктердің уы денеге тері арқылы да енуі мүмкін. Ем-шараны жүргізушіге жұқтыру қаупі бар. Үшіншіден, егер сіз кенені өзіңіз алып тастасаңыз оның жұқтырғыштығын білу мүмкін болмайды және оны тексеру үшін маманға бару керек, — дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м. а. Арман Күшбасов.
Егер кене шағып алғаннан кейін дене температурасының жоғарылауы, ауырсыну, қатты бас ауруы байқалса, дереу дәрігерге қаралған жөн.
Петропавлда құрғақ шөптің жану фактісі анықталды