Жарияланған күні: 09.04.2025
Петропавлда облыс әкімінің орынбасары тұрғындарды қабылдады
СҚО әкімдігі жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығында кезекті рет тұрғындарды қабылдау күні өтті. Бұл жолы халық әлеуметтік мәселелер жөніндегі сұрақтарды СҚО әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұловға жолдай алды.
Ашық есік күнінде мемлекеттік органдар мен халықты әлеуметтік қорғау саласының кәсіпорындар басшылары тұрғындардың мәселелеріне құлақ түрді. Қоғамдық қабылдауға 13 адам келді, оның ішінде 2 мәселе шешілді, 10 келушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді, бір сұрақ бақылауға алынды.
Келесі қабылдау білім тақырыбына арналып, 23-ші сәуірде өтеді.