Облыста 80 білім беру нысаны жөнделеді
Өңірде білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бойынша кешенді шаралар жалғасуда. Биыл 4,5 млрд теңгеге 40 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтпек. Оның ішінде 30 мектеп, 2 балабақша және 4 колледж бар.
Сонымен қатар, 1,9 млрд теңгеге 41 білім беру нысанында ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Атап айтқанда, бұл тізімге 3 балабақша, 19 мектеп, 3 жазғы лагерь, 13 колледж және жетім балаларға арналған 3 ұйым кіреді.
Бұған қоса, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5,3 млрд теңге бағытталады. Бұл қаражатқа интерактивті панельдер, компьютерлер, оқулықтар, жылыту қазандықтары, мектептерге, балабақшаларға, кітапханалар мен колледждерге арналған жиһаз, спорттық құрал-жабдықтар, пәндік кабинеттер, сондай-ақ мектеп асханалары мен колледждерге жабдықтар сатып алынады.