Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Колумбус
23°C
Похмуро
6.6 м/с
70%
763 мм рт. ст.
11:00
23°C
12:00
24°C
13:00
23°C
14:00
25°C
15:00
24°C
16:00
24°C
17:00
25°C
18:00
25°C
19:00
23°C
20:00
19°C
21:00
19°C
22:00
18°C
23:00
18°C
00:00
17°C
01:00
16°C
02:00
15°C
03:00
14°C
04:00
13°C
05:00
12°C
06:00
10°C
07:00
10°C
08:00
10°C
09:00
11°C
10:00
12°C
11:00
14°C
12:00
16°C
13:00
18°C
14:00
19°C
15:00
20°C
16:00
20°C
17:00
21°C
18:00
20°C
19:00
20°C
20:00
19°C
21:00
18°C
22:00
17°C
23:00
17°C
15:41:16Среда

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Өнеркәсіп және құрылыс министрі солтүстіктің зауыттарын аралады

СҚО-ға жұмыс сапары барысында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өңірдің өндірістік әлеуетімен танысып, перспективалық инвестициялық жобалардың іске асу барысымен танысып, облыс орталығындағы жетекші кәсіпорындарды аралады. Киров атындағы зауытта, ПЗТМ және «CT Assembly» кәсіпорындарында министр инновациялық технологиялармен танысты. Кейін «ЗИКСТО» зауытына барып, вагон өндіру үшін жаңа ғимараттың құрылысын бақылады.

Қағаз өнімдері фабрикасында заманауи өндіріс процестері таныстырылып, осы сектордың одан әрі дамуы талқыланды. Инновациялық жылыжайды аралау барысында «Радуга» техноэкопаркін құру жобасы таныстырылды. Бұл жоба облыстың экологиялық инфрақұрылымының маңызды бөлігі болып, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған.

Сонымен қатар, Ерсайын Нағаспаев «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының 3-ші субаймағында болып, мұнда жүзеге асып жатқан «KazCrane Engineering», «Qilu Agro», «Бейкертон» және «Eco Glade» сияқты инвестициялық жобалар және инфрақұрылымның салынуымен танысты.

— Көтергіш қондырғыларды, ауыл шаруашылығы техникасы, нан-тоқаш өнімдерін шығару мен саңырауқұлақ фермасын іске қосу өңірдің экономикалық әлеуетін жақсартып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, -деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *