Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+13°C
Пасмурно
Источник погодных данных: Ауа райы
02:25:42Пятница

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да 17 сүт фермасы салынып, 12-сі биыл іске қосылмақшы

Петропавлда «AMANAT» партиясының облыстық және қалалық мәслихаттардағы фракцияларының бірлескен отырысы өтіп, атқарылған жұмыс қорытындыланды. Жиында жүзеге аспаған жобаларға ерекше назар аударылды. Мысалы, былтыр жоспарланған 6 сүт-тауар ферманың біреуі инвестордың қаржылық қиындықтарына байланысты Ақжар ауданында іске қосылмады. Десек те, өңірде 17 ферма ашылды. Биыл 17 млрд теңге қаржыға тағы 12 сүт-тауар фермаларын салу жоспарланған. 

— Жоспарланған 10 спорттық нысанның ішінен Уәлиханов ауданында хоккей корты салынбады. Оған мердігердің салғырттығы себеп. Ол бойынша сот процесстері жүріп жатыр. Шал ақын ауданындағы 6 ауылды сумен қамтамасыз ету жобасы су тасқыны және қаржыландырудың кеш түсуіне байланысты жүзеге аспады. Биылсумен қамтуға қатысты 60 жобаны іске асыруға 25 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Уәлиханов ауданында 24 км жолды жөндеу жоспары орындалмады. Алайда 2025 жылға өңірдегі 800 км автожолды қалпына келтіруге 34,6 млрд теңге бөлініп отыр, — деді СҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Айтжанова.

Сондай-ақ, отырыста жастар мен бизнеске арналған гранттар және тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарының орындалмау себептері талқыланды. Мәселен, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын былтыр жоспарланған 240 маманның тек 136-сы ғана пайдаланған.

Ал «Ауыл аманаты» жобасы мүлдем қаржыландырусыз қалды. Бұдан бөлек, депутаттар қоғамдық көлік қозғалысының схемаларындағы өзгерістерді және МӘМС аясында көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын қарастырды.

Облыста 80 білім беру нысаны жөнделеді

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *