Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+8°C
Морось
Источник погодных данных: Ауа райы
09:35:28Четверг

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО Құрметті азаматы Болат Сағындықов өмірден өтті

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, қоғам қайраткері, жазушы, «Память» қоғамдық қорының төрағасы Болат Мағазұлы Сағындықов өмірден озды.

Болат Мағазұлы өз өмірін халыққа қызмет етуге және өңірдің аграрлық саласын дамытуға арнады. Оның еңбек жолы маңызды кезеңдерге толы болды: ол партия органдарында жауапты қызметтер атқарды, совхоздарды басқарды, Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосты.

— Оның қоғамдық қызметі де ерекше құрметке ие. Болат Сағындықов Петропавл қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімі жазылған ескерткіш пен Қабырға тұрғызу бастамашыларының бірі болды. Жазушы ретінде адамдар тағдырына, тарих пен жадыға арналған көптеген кітаптардың авторы. Болат Мағазұлы Сағындықовтың жарқын бейнесі туған-туыстарының, әріптестері мен солтүстікқазақстандықтардың жүрегінде мәңгі сақталады.
Марқұмның отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын, — деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *