Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+10°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
19:38:06Понедельник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда оқушылар кинологтардың жұмысымен танысты

Жыл басынан бері облыс полицейлері қызметтік-іздестіру иттерін 147 рет пайдаланды. Иттердің көмегімен 11 есірткі қылмысы ашылып, 3,5 келіден астам есірткі заты тәркіленді.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығына жасөспірімдер үшін экскурсиялар әрқашан қызықты өтеді. №9 мектептің жоғары сынып оқушылары қызметтік иттердің жаттығуын бақылап, олардың есірткі іздеу дағдыларын өз көздерімен көрді.

Балалар өздері жасырған арнайы имитаторларды иттердің шебер тауып алғанына куә болды. Кинологтар оқушыларға қызметтік-іздестіру иттерінің қалай оқытылатынын айтып берді. Мамандардың айтуынша, иттің тұқымы аса маңызды емес.

Бастысы — жануардың мінезі мен қасиеттері. Мысалы, жарылғыш заттарды іздеуге арналған иттер сабырлы болғаны жөн, ал есірткі іздеуге — ойнақы әрі шапшаң, ал із кесуде холерик темпераменті бар иттер тиімді нәтиже береді. Бұл экскурсия “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылды.

Мақсат — жасөспірімдерге құқықтық білім беру және есірткі қылмысының алдын алу. Осындай іс-шаралар алдағы уақытта өзге мектептерде де жалғасады. Айта кетейік, жуырда орталықта біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан облыс педагогтары да болды.

СҚО-да полицейлер жол ережелерін және қоғамдық тәртіпті бақылау үшін дрондарды қолдануда

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *