СҚО-да прегравидалды дайындықпен 23 мыңнан астам әйел қамтылмақ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО филиалы директоры Айнагүл Дәулетшинаның айтуынша, қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету үшін сауықтыру шаралары жүктілік басталғанға дейін прегравидалды дайындық түрінде жүргізіледі.
— Прегравидалды дайындық — бұл әйелді жүктілікке дайындау процесі. Ол болашақ ана мен баланың денсаулығын бақылауға, назарда ұстауға бағытталған бірқатар іс-шарадан тұрады. Көрсетілетін қызметтердің тізбесі Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес айқындалған. Учаскелік дәрігерлер ана мен бала үшін жүктілік пен босану нәтижелерін жақсарту мақсатында жоспарланған жүктіліктен 6 ай бұрын әрбір тұрғынды тексереді. Қыздар мен жасөспірімдерге де ерекше назар аударылады, — дейді филиал директоры.
Маманның айтуынша, репродуктивті жастағы әйелдер МӘМС арқылы консультациялық-диагностикалық көмек алады, олар: акушер-гинекологтың кеңесі, көрсетілімдер бойынша генетикаға және В және С гепатитіне тексерілу.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО филиалының мәліметінше, өңірде 117 мыңға жуық репродуктивті жастағы әйел бар. Биыл солардың 23 375-ін қамту үшін 134 млн теңге қаражат бөлінді.
Петропавлда оқушылар кинологтардың жұмысымен танысты