Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+10°C
Небольшая облачность
Источник погодных данных: Ауа райы
20:02:23Воскресенье

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Түрмеге марихуанна өткізбек болған қостанайлық азамат ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысының ҚАЖД қызметкерлері ерекше сәлемдемені анықтады. Түзету мекемесіне қостанайлық азамат 17, 78 грамм марихуана алып өтбек болған.

СҚО ҚАЖД № 51 түзету мекемесінде сәлемдемелерді тексеру барысында жуынуға арналған жөкеден ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат табылды. Дереу жедел тергеу тобы шақырылып, алынған зат тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

— Сараптама нәтижесі алынған заттың салмағы 17, 78 грамм болатын кептірілген марихуана екенін көрсетті. Тыйым салынған зат полиэтилен пакетке оралып, жуыну жөкесіне тігілген екен, — делінген СҚО ҚАЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Ал сәлемдемені Қостанай қаласының тұрғыны жіберген екен. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Петропавлда «Шоқан. Монолог шепотом» спектаклі қойылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *