Петропавлда Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына орай жиын өтті
Облыстық әкімдікте өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында өңірлік Ассамблеяның атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары талқыланды.
Кеңес отырысында этномәдени бірлестіктер атынан облыстық Ассамблея төрағасының жаңа қоғамдық орынбасары сайланды. Бұл қызметті Рашбиль Евдаев атқарады, ол Алексей Ханның орнын басты.
Сонымен қатар, салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет Басшысының Жарлығына сәйкес, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосқан қоғам өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған естелік медальдармен марапатталды.