Жарияланған күні: 19.04.2025
СҚО әкімі: «Тасқынның үшінші толқыны елді-мекендерге қауіп төндірмейді»
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқыны қаупі бар учаскелерді әуеден бақылады. Өңір басшысы қала және аудандар әкімдерінің қазіргі су тасқыны жағдайы жөніндегі есептерін тыңдады.
Қызылжар ауданының ауылдары, Петропавл қаласынан Долматово ауылына дейінгі аумақ, Үлкен және Кіші Тораңғұл көлдері, Сергеев су қоймасы, сондай-ақ Есіл өзені бойында орналасқан елді мекендер тексерілді.
Ұшу барысында су деңгейіне, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне және су басу қаупі бар аймақтарға визуалды бағалау жүргізілді.
— Қазіргі уақытта су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр, ол елді мекендерге қауіп төндірмейді. Үшінші толқынның шарықтау шегі сәуір айының соңында облыс орталығында күтіледі. Тасқынға шарсы кешенді дайындық жүргізілді: бөгеттер нығайтылды, айналма арналары салынды. Жағдай тұрақты бақылауда, — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.