Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+5°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
22:34:31Четверг

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Полицейлер петропавлдық жоғары сынып оқушыларымен кездесті

ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының өкілдері мен СҚО полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының қызметкерлері Петропавлдағы білім ошақтарының жоғарғы сынып оқушыларымен бірқатар кездесулер өткізді.

Тәртіп сақшылары құқық қорғау органдарына қызметке орналасудың негізгі талаптарын жеткізді, Қарағанды академиясына оқуға түсу кезіндегі басымдықтар, магистратурада оқудың артықшылықтары туралы айтып берді. Оқу процесімен таныстыру үшін оқушыларға академияның өмірі туралы бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар оқушыларға ақпараттық буклеттер таратылды.

Қарағанды академиясының түлектері қылмыспен күрестің алдыңғы шебінде қызмет атқарып келеді: олар жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы және криминалист болып шығады. Кәсіптік бейіндеу сипатындағы тағы бір кездесу ҚР Ұлттық ұланының 6637 әскери бөлімінде әскери қызметшілерімен өткізілді.

Бұдан бөлек, қарағандылық қонақтар СҚО полиция департаментінде тағылымдамадан өтіп жатқан 4-курс курсанттарының әдістемелік нұсқауларды орындауын бақылап, әдістемелік көмек көрсетті.

СҚО әкімі: «Тасқынның үшінші толқыны елді-мекендерге қауіп төндірмейді»

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *