Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+6°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
00:09:26Суббота

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО әкімі ауруханада соғыс ардагері Василий Макиенконың халын білді

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауруханаға барып, соғыс ардагері Василий Макиенконың хал-жағдайын сұрап білді. Қазір ардагерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.


Василий Макиенко, үлкен жасына қарамастан белсенді өмір салтын ұстанып келді. Былтыр өңір басшысымен бірге Жеңіс күніне орай Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Келесі жылы ардагер өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтпек.

— Василий Васильевичке тезірек сауығып кетуін тілеп, Жеңістің 80 жылдығын отбасымен, жақындарының ортасында қарсы алатынына үміт білдірдім. Ардагерлер — біздің мақтанышымыз, тарихтың куәсі. Оларға қамқорлық жасау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету — баршамыздың міндетіміз. Жастардың үлкен буынға құрметпен қарауын және оларға қиын сәтте көмек көрсетуге ұмтылысын қалыптастыру маңызды, — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Полицейлер петропавлдық жоғары сынып оқушыларымен кездесті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *