Жарияланған күні: 22.04.2025
Әлеуметтік желідегі кезекті фейк жаңалық
Жақында ғана әлеуметтік желіде облыс әкімінің қатысуымен фейк жаңалықтар шыққан болатын. Жасанды интеллект арқылы жасалған бейнежазбалар мен посттар ғаламторда желден есіп, біраз адамдарды есеңгіреткен болатын. Осы жолы да жалған өңір басшысы атынан жалған ақпарат таратылды.
Мәселен, бүгін әлеуметтік желілерде газдандыруға қатысты жасанды интеллект көмегімен жасалған СҚО әкімінің баспасөз қызметінің жалған ақпараты мен өңір басшысының қатысуымен жалған видео таралуда.
— Жалған ақпарат тарату фактісі бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жолданады. Азаматтарды ақпараттың шынайылығын тек ресми дереккөздер арқылы ғана тексеруге үндейміз, — деп жазды СҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Петропавлда су тасқынының шарықтау шегі 28–30 сәуір аралығында күтілуде