Облыс экономикасында өсім бар
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды.
Осы кезеңде облыс экономикасы 3,8% өсім көрсетті. Негізгі салаларда оң динамика байқалды: құрылыс көлемі 28,8%-ға, сауда 10,8%-ға, ауыл шаруашылығы 7,5%-ға, тұрғын үй құрылысы 7,3%-ға, байланыс қызметтері 3,4%-ға өсті.
Агроөнеркәсіптік кешенге 38 млрд теңге инвестиция тартылды. Өңірдің өнеркәсіптік өндіріс көлемі 162 млрд теңгені құрады, ал тау-кен өнеркәсібінде өсім 20%-дан асты.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі келесі міндеттерді жүктеді: экономикалық өсімді 7% деңгейінде қамтамасыз ету үшін ай сайынғы көрсеткіштерге қол жеткізу; экономиканың салаларын ынталандыру үшін қосымша резервтерді іздестіру; инвестиция тарту жоспарын орындау және өңірдің аудандарында жаңа өндірістер ашу арқылы өнеркәсіптік саланы дамыту жұмыстарын күшейту; бюджет кіріс бөлігін арттыру және шығыстардың тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық өсудің қосымша резервтерін қарастыру.
Сонымен қатар, бюджет қаражатын игеруді ерекше бақылауға алу, мердігер ұйымдармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, жұмыс кестесінен ауытқуға жол бермеу, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттерден қосымша қаржыландыру үшін жобалар тізбесін қалыптастыру тапсырылды.