Жарияланған күні: 22.04.2025
Прокурорлар білім саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғады
СҚО прокуратурасы кезекті тексерістердің бірінде еңбек заңнамасының өрескел бұзушылықтарын анықтады. Бұл фактілер білім саласында тіркелді.

Прокуратураның мәдіметінше, еңбек кодексінің 52-бабының (бұдан әрі — Кодекс) талаптарына қайшы, Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Есіл, Жамбыл, М.Жұмабаев, Қызылжар, Шал ақын, Тайынша, Уәлиханов аудандары мен Петропавл қаласындағы жалпы білім беру мекемелерінің лауазымды тұлғаларымен зейнеткерлік жасқа жетулеріне байланысты еңбек қатынастарын тоқтатқан 295 қызметкерге 37,6 млн теңге көлемінде өтемақы төлемдері төленбеген.
Тағы бір жағдайда, Есіл, Ғ.Мүсірепов, Тайынша аудандарында Кодекс талаптарын бұза отырып, 37 мұғалімге біліктілігін арттыру курстарынан өткені үшін 4,3 млн теңге көлемінде іссапар шығындары төленбеген.
— Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 25 қызметкерге 4,9 млн теңге көлемінде төлем жасалды. Қалған қызметкерлер бойынша жұмыс жалғасуда, — делінген ведомство таратқан мәліметте.
Прокуратура органдарымен жыл басынан бері 329 қызметкердің конституциялық құқықтары қорғалды.
Азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.