Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
+11°C
Ясно
Источник погодных данных: Ауа райы
16:08:40Понедельник

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Балаларының тәрбиесіне мән бермеген 72 ата-ана жауапкершілікке тартылды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде мектеп директорларымен бейнеконференция форматында жиын өтті. Кездесудің басты тақырыбы – жасөспірімдер қылмысының алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесі болды.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша облыста жасөспірімдер арасындағы қылмыс 60 пайызға төмендегені атап өтілді. Дегенмен, полицейлер мектеп оқушылары арасында буллинг пен бұзақылық фактілері анықталғанын жеткізді.

Полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов буллингке жол бермеу керектігін және мұндай жағдайларды ерте кезеңде тоқтату маңызды екенін атап өтті. Бұл — болашақта ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік береді. 10 сәуірден бастап облыс аумағында республикалық “Жасөспірім” атты жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Тек 10 күн ішінде түнгі уақытта ата-анасының еріп жүруінсіз жүрген 180-нен астам жасөспірім анықталды. Сондай-ақ балаларды тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін 72 ата-ана жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер педагогтарды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тығыз қарым-қатынас орнатуға шақырды. Сонымен қатар тұрғындарға балаларға қатысты зорлық-зомбылық, қылмыстық әрекетке тарту деректері туралы полицияға дер кезінде хабарлауды еске салды.

Кездесу барысында жазғы демалыс кезеңіне арналған профилактикалық жұмыстардың жоспары талқыланды. Басты мақсат — балалардың бос уақытын пайдалы істермен өткізуіне жағдай жасап, құқық бұзушылықтың алдын алу.

СҚО-да тыңайтқыштар шығаратын зауыттар салынуы мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *