Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Columbus
15°C
Chuva
4.9 m/s
80%
758 mmHg
17:00
15°C
18:00
15°C
19:00
14°C
20:00
13°C
21:00
11°C
22:00
10°C
23:00
10°C
00:00
10°C
01:00
10°C
02:00
10°C
03:00
10°C
04:00
10°C
05:00
10°C
06:00
10°C
07:00
11°C
08:00
12°C
09:00
13°C
10:00
13°C
11:00
14°C
12:00
14°C
13:00
16°C
14:00
17°C
15:00
18°C
16:00
18°C
17:00
18°C
18:00
17°C
19:00
16°C
20:00
15°C
21:00
14°C
22:00
13°C
23:00
12°C
21:10:55Воскресенье

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да Тепличное ауылындағы бөгет нығайтылып жатыр

Өңірде бөгетті нығайту жұмыстары үш күннен бері тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға көрші аудандардан келген белсенділермен қатар, әскери қызметшілер де тартылған.

— Үш күннен бері тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз. Тепличныйдағы қорғаныс бөгетін нығайту барысы жеке бақылауымда. Кеше 30 мың қадам жүріп өттім, бүгін де осынша қашықтықты еңсердім, — деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.

Бөгетте қажетті техника бар, шатырлар тігілген, тамақтандыру ұйымдастырылған. Жұмысқа 1,6 мыңға жуық адам тартылған — бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, әскерилер және құтқарушылар. Аудандар да көмек көрсетіп келеді. Көршілес өңірлерден құтқарушылар да келді. 90 мың қап төселді. Су толтырылған бөгет орнатылды. Бөгет астынан су ағуын болдырмау үшін сүңгуірлер де тартылуда. Облыс әкімі халықпен кездесіп, барлық қиындыққа қарамастан тәулік бойы еңбек етіп жүрген азаматтарға шынайы алғысын білдірді.

— Басты міндет — елді мекеннің толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Барлық қауіп жойылғанға дейін жұмысты жалғастыра береміз, — деді облыс әкімі.

Ал ТЖМ мәліметіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тепличное ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар төртінші күннен бері үзіліссіз, тәулік бойы жүргізіліп келеді. Барлық күш бөгеттерді нығайтуға және ықтимал зардаптарды болдырмауға жұмырылған.

Петропавлда белсенділер зиратты қоқыстан тазартты

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *