Петропавлда сотталғандар әскери техниканың макетін жасады
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «№48 мекеменің» Петропавл кәсіптік колледжінде «Слесарь-сантехник» біліктілігі бойынша оқитын сотталған — студенттер өндірістік оқыту шеберлері Мерген Айсенов пен Айқын Баженовтың жетекшілігімен батылдық пен ерліктің символы, аты аңызға айналған Т-34 танкінің макетін жасады.
— Модельді жасаудың негізгі материалы болып беріктігі мен жеңілдігімен танымал алюминий қызмет етті. Бөлшектерді қосу әртүрлі технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылды: тойтару, болтты қосу, дәнекерлеу және басқалар. Бұл тәсіл құрылымның сенімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, студенттердің техникалық дағдыларының әртүрлілігін көрсетуге мүмкіндік берді, — деді шебер Мерген Айсенов.
Макеттің басты ерекшеліктерінің бірі — сервоқозғалтқыш арқылы қозғалатын айналмалы мұнара. Бұл механизм модельге шынайылық пенинтерактивтілік қосу арқылы танктің әрекеттерін имитациялауға мүмкіндік береді.
Колледж студенттерінің макетін жасауы — бұл тек шығармашылық жұмыс емес, сонымен қатар Ұлы Отан соғысының тарихына деген терең құрмет.