«Береке» шағынауданындағы емхана жабылмайтын болды
Әлеуметтік желіде «Береке» шағынауданындағы емхана жабылатыны туралы ақпарат желдей есіп, бірден біраз қалалықты әбігерге салғаны рас. Бұл ақпаратты растау үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түсінік алдық.
— «№2 қалалық емхана» ШЖҚ КМК басшылығы жекелеген бөлімшелер құрылымын оңтайландыру және жұмыс істеу тиімділігін арттыру аясында қайта ұйымдастыру туралы дербес шешім қабылдаған болатын. Атап айтқанда, бұл шешім кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды қайта бөлуге қатысты болды, соның бірі — медициналық қызметтердің бір бөлігін «Береке» шағын ауданында орналасқан филиалдан мекеменің басқа мекенжайлардағы филиалдарына ауыстыру.
Алайда, жағдайды талдау және мониторинг барысында, сондай-ақ «Береке» шағын ауданы тұрғындары тарапынан көптеген өтініштерге орай бұл шешім аумақта алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасына теріс әсер ететіні белгілі болды. Осыған байланысты емхана басшылығы бұрын қабылданған шешімді қайта қарады, — делінген басқарма баспасөз қызметінің жауабында.
Яғни, «Береке» шағынауданындағы емхана жұмысын жалғастыра береді.
Су тасқынымен күрес жалғасуда
—