Жарияланған күні: 30.04.2025
СҚО-да әйелге ағаш құлады
Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаево қаласында қайғылы оқиға орын алды. Зират басына барған әйелдің үстіне ағаш құлады.
Оқыс оқиға сәуірдің 29-ы күні сағат 12:00 шамасында орын алды. Аудандық аурухананың дерегіне сәйкес, 69 жастағы әйел ауыр халде түсті. Оған ашық бас-ми жарақаты диагнозы қойылды. Реанимация бөлімшесіне жатқызылған зейнет жасындағы келіншектің өмірін дәрігерлер сақтап қалуға тырысты. Алайда ол мүмкін болмады. Зейнеткер көз жұмды.
Сәуірдің 29-ы күні желдің екпіні күшейіп, дауыл тіркелгенін атап өткен жөн. СҚО ПД мәліметінше, Ғабит Мүсірепов ауданының орталығы Новоишимское ауылында бесқабатты үйдің шатырын қатты жел жұлып әкетті.
Петропавлға келген турист стадионда түнемек болған